Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мейірімді қақпақтар
19
май
2026
Мейірімді қақпақтар
Мейірімді қақпақтар науқаны өз жалғасын табуда! Мектебімізде игі іске бағытталған «Мейірімді қақпақтар» экологиялық акциясы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Оқушылар мен ұстаздар пластик қақпақтарды жинау арқылы табиғатты қорғауға және қайырымдылық жасауға өз үлестерін қосуда. Әрбір жиналған қақпақ – тазалыққа қосқан үлес пен мейірімнің белгісі
“Отбасы – бақыт мекені” тақырыбында эссе
13
май
2026
“Отбасы – бақыт мекені” тақырыбында эссе
“Отбасы – бақыт мекені” тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.  Іс-шара барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, сыйластық пен сүйіспеншілік, ата-ана қадірі туралы жүрекжарды ойларымен бөлісті. Әр эсседе отбасы құндылықтары кеңінен насихатталып, қатысушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.  
«Ән ғұмырдың иесі»
12
май
2026
«Ән ғұмырдың иесі»
 Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ақын әрі сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мектебімізде «Ән ғұмырдың иесі» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ, әсерлі әндер шырқалып, тәрбиелік мәні зор ой-пікірлер айтылды. Тағылымға толы шара жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге
Ұрпаққа ұран болған – Жеңіс | Победа, ставшая девизом поколений
08
май
2026
Ұрпаққа ұран болған – Жеңіс | Победа, ставшая девизом поколений
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай мектебімізде «Ұрпаққа ұран болған – Жеңіс» атты тағылымы терең мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 61993 әскери бөлімінің жас сарбаздары өз өнерлерін ортаға салып, елжандылық пен патриоттық рухты жоғары деңгейде көрсетті. Кештің мазмұнды бағдарламасында әсерлі әндер, жігерлі патриоттық қойылымдар және көркем көріністер орын алып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл мерекелік кеш жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді арттырып, бейбіт