Алғыс айту күні: мейірім мен алғысқа толы кеш | День благодарности:
Алғыс айту күніне орай мектебімізде 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты – айналамыздағы жандарға ризашылық білдіру, мейірімділік пен сыйластықты насихаттау болды. Концерт барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сахнада түрлі өнерлерін паш етті. Кеш барысында оқушылар жүрекке жылы тиетін әндер айтып, әсерлі өлеңдер оқып, әсем билер биледі. Әрбір қойылым көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер