Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен өмірді таңдаймын» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг
31
январь
2022
«Мен өмірді таңдаймын» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг
2022 жылдың 29 қаңтар күні мектеп психологы Сахибзадаева Дилла Хамитқызы  9- сынып оқушыларына  «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг  өткізді.  Тренинг барысында оқушылар психологиялық ойын жаттығуларын орындады.  Тренинг соңында оқушылар алған әсерлері бойынша бір-бірлерімен ой бөлісіп, жылы тілектерін айтып өтті. @edu.almaty  @almaty_mektepteri  @almalyaudandykbilim
"Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары" жобасы бойынша семинар
29
январь
2022
"Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық тұрғыдан
2022 жылдың 29 қаңтар күні Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен  Педагогикалық Ғылымдар Академиясының "Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары" жобасы бойынша семинар өтті. Семинарға  мектебіміздің директоры Т.Т.Төреқұлов,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М.С.Жаужүрек қатысты. Семинар барысында жоба тұжырымдамасы мен дайындалған әдістемелік нұсқаулықтардың мақсат-міндеттері, мұғалімдерге, сынып жетекшілерге арналған
1 наурыз – Азаматтық Қорғаныс  күніне орай "Өзін-өзі басқару" ұйымы
27
январь
2022
1 наурыз – Азаматтық Қорғаныс күніне орай "Өзін-өзі басқару" ұйымы
1 наурыз – Азаматтық Қорғаныс  күніне орай "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшесі Нұрахан Қазыбек пен Сүйіндіков  Мирас  1-2- сынып оқушыларына түсіндірмелі жұмыс жүргізді.  Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына әлемнің назарын аудару және апаттық, авариялық жағдайда өздерін  қорғау үшін халықтың дайындығын арттыру  болып табылады.  Азаматтық қорғаныс күнінің құрылуы және оның әлемдегі орны туралы тарихын айтып берді.  Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың туындау сатысының жалпы түсінігімен және
«Қайырымдылық-қайырлы іс» акциясы
26
январь
2022
«Қайырымдылық-қайырлы іс» акциясы
Өзін-өзі басқару ұйымы жетекшілерінің ұйымдастыруымен  2022 жылдың  26 қаңтар күні  мектеп оқушылары «Қайырымдылық-қайырлы іс» акциясы аясында  балалар үйіне барып көмек қолын созды.   «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды өскелең ұрпақтың бойына сіңдіру мақсатында жоспарланған бұл шара, оқушыларға үлкен әсер қалдырды . #өзінөзібасқаруұйымы #мектеп_парламенті @edu.almaty 
Онлайн сабақтар басталды
17
январь
2022
Онлайн сабақтар басталды
Қаламыздағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында  2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап мектебімізде  ZOOM платформасында онлайн сабақтар басталды.  Онлайн сабақтарға оқушылармыздың қатысу  белсенділігі өте жақсы.
Күшіміз  бірлікте!
10
январь
2022
Күшіміз бірлікте!
Еліміздің тыныштығын бұзып, мемлекетіміздің барлық өңірлерінде арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысқан лаңкестермен күресу кезінде қаншама сарбаздарымыз, тәртіп сақшылары, құқық қорғау қызметкерлері және қарапайым азаматтарымыз, бейкүнә сәби балалар көз жұмды.  Осындай ел басына күн туған сәтте Президентіміздің халықпен бірге болып, оларды сабырлыққа, төзімділікке шақырып, болашағымыздың жарқын болатынына уәде бергені бәріміздің көңілімізге сенім ұялатты. Сонымен қатар ел тыныштығын сақтау
10 қаңтар - елде жалпыұлттық аза тұту күні.
10
январь
2022
10 қаңтар - елде жалпыұлттық аза тұту күні.
10 қаңтар - елде жалпыұлттық аза тұту күні. Тәуелсіз Қазақстан тарихында осымен 11-ші рет қаралы күн жарияланып отыр. Бұл соңғы екі жылдағы төртінші аза тұту күні.  10 января - День общенационального траура по погибшим в результате беспорядков в Казахстане.  По счёту – это 11 траур, объявленный за годы независимости страны.
Хабарландыру
09
январь
2022
Хабарландыру
Құрметті ата-аналар, оқушылар! 📣📣📣 Елімізде орын алған жағдайға байланысты балалардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін, жоғары оқу орындары үшін 24 қаңтарға дейін ұзартылды.    Балалардың қауіпсіздігі біз үшін ең бірінші орында! Сондықтан Сіздерден балаларды далаға шығармай, қауіпсіздігіне аса мән берулеріңізді сұраймыз. 🙏🙏🙏
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»
26
декабрь
2021
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»
Шәкірттеріміз 1 «Ә»  сынып оқушылары MEDIA BILIM Республикалық журналы ұйымдастырған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Республикалық өнер және шығармашылық байқауына қашықтықтан қатысып, озат табысқа жеткендері үшін  ДИПЛОМдармен  марапатталды. Құттықтаймыз!  Сынып жетекшісі: Турганбаева Майра
"Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында профилактикалық әңгіме
24
декабрь
2021
"Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында профилактикалық әңгіме
2021 жылдың 24 желтоқсан күні  Алмалы аудандық ПБ ЖПҚ ЮПБ аға УИ полиция капитаны Исабекова А.Р.,  директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Жаужүрек М.С. қатысуымен оқушылар арасындағы "Құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбы аясында 8-11 сынып оқушыларына профилактикалық әңгіме жүргізді. Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР ҚК-нің  ҚР ӘҚБК-тің бірнеше баптарымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын өткізді.