Күшіміз бірлікте! » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2022

Күшіміз бірлікте!


Еліміздің тыныштығын бұзып, мемлекетіміздің барлық өңірлерінде арам пиғылдарын жүзеге асыруға тырысқан лаңкестермен күресу кезінде қаншама сарбаздарымыз, тәртіп сақшылары, құқық қорғау қызметкерлері және қарапайым азаматтарымыз, бейкүнә сәби балалар көз жұмды. 

Осындай ел басына күн туған сәтте Президентіміздің халықпен бірге болып, оларды сабырлыққа, төзімділікке шақырып, болашағымыздың жарқын болатынына уәде бергені бәріміздің көңілімізге сенім ұялатты. Сонымен қатар ел тыныштығын сақтау мақсатында мемлекет басшысының ҰҚШҰ әскери күшін көмекке шақыруы да орынды деп ойлаймыз. 

Сондықтан біз Қазақстан халқы бір-бірімізге қолдау көрсетіп, туған жерімізді, елімізді бірге қорғауға тиістіміз. Әртүрлі жалған ақпараттарға сенбей, тек халықпен бірге Президент жолдауын қолдауымыз керек! Күшіміз  бірлікте!  

Алматы қаласы, М.Дулатов  атындағы №136 мектеп-гимназия ұжымы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: