Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир өтті
«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир өтті. Сайысқа мектеп бойынша 10 оқушы қатысып, бақ сынады. Тоғызқұмалақ - ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы. Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері. Тоғызқұмалақ біздің ұлттық құндылығымыз, асыл мұрамыз. Біз тоғызқұмалақтың мәдени мұра ғана емес, жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдірудегі маңызды зияткерлік