Эмоционалдық құлдыраудың алдын алу » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2023

Эмоционалдық құлдыраудың алдын алу


«Эмоционалдық құлдыраудың алдын алу» тақырыбында мектеп психологтары Сахибзадаева Дилла Хамитқызы мен Ербекова Арай Мұратқызы жас ұстаздарға арналған профилактикалық тренинг жүргізді. 


Тренингтің негізгі мақсаты -  Мұғалімнің психикалық саулығын қолдау мен эмоциялық күйреу синдромының алдын-алу  үшін қолайлы жағдай жасау. Өзін-өзі реттеу тәсілдерімен таныстыру болды. 


Қатысушылардың  шығармашылық потенциалын ашу арқылы, өмірлік құндылықтармен қажеттіліктерін анықтау  және болашағына жағымды көз -қарас қалыптастыру мақсатында "ЭККО" карталары қолданыс тапты. Ұстаздармен  осы техникалар арқылы топтық жұмыс жүргізіп, ішкі әлеміндегі арман мен мақсатқа жетуге деген жағымды  ойларын дамытуға мүмкіндік болды. Арнайы сергіту жаттығулары арқылы, психоэмоциональдық байланыстық орнатылды.  


Тренинг соңында кері байланыс орнатылды. Ұстаздар тренингтен алған өз пікірлерімен,  әсерлерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: