МЕКТЕП САХНАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2021

МЕКТЕП САХНАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

МЕКТЕП САХНАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ
2021 жылдың 26 қараша күні М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 1-6 сынып оқушылары арасында «Елім менің» патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:
✔ оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
✔Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
✔Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.

Байқауға  20 сынып қатысты. Байқау шарты бойынша  «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» тақырыбында әндер шырқалды. Әр сыныптан хор орындаушы оқушылар нақышына келтіре орындады.

Мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Төреқұлов Талғар Талғатұлы қатысып,  оқушыларға, олардың ұстаздарына алғысын білдірді.
Байқау оқушы бойына патриотизмнің дәнін екті деуге негіз бар. Тәуелсіздіктің туы мәңгі желбірей берсін!




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: