21
ноябрь
2021
«Сенімділік кілті» тақырыбында тренинг
М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 19 қараша күні мектеп психологтары Д.Сахибзадаева, З.Каримжиева 11 сынып оқушыларына «Сенімділік кілті» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: білім алушылардың өзіне деген сенімділікті қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас алгоритімін меңгерту. Өзге адамның пікіріне, бағасына, сынына тәуелділікті жеңу.Тренинг барысында қатысушылар топтарға бөлініп, сенімділік туралы сұрақ-жауап жүргізілді. «Суретті сал және екінші адамға бер», қорқынышты жою, «Жігерлену хаты», «Тілек-сандықшасы», т.б. жаттығулар жасалынды.




