Жаз мезгілінде суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаз мезгілінде суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері
12
май
2021

Жаз мезгілінде суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері

- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;

- суға абайсызда түсіп кететін жерлерде, көпірде, ылди жағада, кемелер тұратын жерлерде тұрмаңыздар және ойнамаңыздар;

- егер жүзе білмесеңіз, суға беліңізден төмен тереңдікке түспеңіз, сүңгімеңіз, әсіресе таныс емес жерлерде сүңгімеңіз;

- күн қатты түсіп тұрған жерлерде қыздырынбаңыз;

- судың температурасы 20 градус болуы керек, су ішінде 20 минуттан артық жүрмеңіз, бұл уақытты біртіндеп 3-4 минутқа қосылып отыруы керек;

- күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшықеттеріңіз тартып қалуы мүмкін;

- белгіленген буйкалардан асып жүзбеңіз, жағадан алыс ұзамаңыз;

- кері қайту жолды ұстану қажет;

- кеме тұтарын жерлерге жақын малтымаңыз;

- кеме келе жатқан жерлерге жақын бармаңыз, кеменің толқыны сізді айдап әкеліп, астына кіріп кетуіңіз әбден мүмкін;

- қайықтан, құлама жағадан бірден суға секірмеңіз, басыңызды қатты затқа соғып алуыңыз мүмкін., бұл зат немесе ағаш тамырлары да болуы мүмкін;

- суда алысуға, бір-бірін шошытуға болмайды, егер абайсызда ойнаймын деп шошытып алсаңыз, суға тұншығып қалуы мүмкін;

- қайықты шамадан тыс толтыруға болмайды, жиегіне отыруға болмайды;

- қайыққа міндетті түрде алдыңғы жағынан міну қажет, сонда қайық тепе теңдікті сақтайды.

Тыйым салынады:

– жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге;

– қатты толқын кезінде суға түсуге;

– үлкендердің қарауынсыз балаларға суға түсуге;

– камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түсуге;

- 16 жасқа толмаған балаларға ата-аналарынсыз қайыққа мінуге;

- салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: