Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды
26
октябрь
2020

Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды

Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды

Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау:

🖌2-11 сыныптарда аптасына 2 және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.

🖌2-11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, БЖБ жүргізіледі және олардың негізінде жарты жылдыққа баға қойылады (ТЖБ жүргізілмейді).

🖌1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды. Жылдық баға қойылмайды.

📌БЖБ және ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспау керек.

✅2-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ уақыты реттелмейді, әр пән бойынша 2 тапсырмадан аспайды.
✅5-11 сыныптарда 3 тапсырмадан артық берілмейді.

📌БЖБ және ТЖБ кестесін мектеп әкімшілігі әзірлейді.

📌БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер пәндер бойынша спецификацияға сәйкес өздері дайындайды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: