Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған жарыстағы жеңістеріміз
13
сентябрь
2025
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған жарыстағы жеңістеріміз
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына орай Алмалы аудандық мұғалімдер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиадада біздің ұжым * волейболдан І орынға  * тоғызқұмалақтан ІІ орынға  * шахматтан ІІІ орынға  * бес асықтан ІІІ орынға қол жеткізді!  Бұл жеңіс – тек спорттағы жетістік емес, сонымен қатар мұғалімдер арасындағы ынтымақ пен достықтың, ортақ күш-жігердің нәтижесі. Бірлікте – береке, еңбекте – жеңіс!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында талқыланды
10
сентябрь
2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында
Бүгін мектебімізде ҚР Президентінің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Кездесуде ұстаздар Жолдауда айтылған негізгі бағыттармен, соның ішінде білім беру сапасын арттыру, заманауи оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелерімен танысты. Жиын барысында мұғалімдер жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, пікір алмасты. Әсіресе, жастардың құзыреттілігін арттыру, білім беруде инновациялық әдістерді қолдану және салауатты
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
09
сентябрь
2025
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хатына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығулар енгізілуде. Осыған орай, бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына 3 минуттық дене жаттығуы ұйымдастарылды.