«Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»
Бүгін мектебімізде жаңадан келген әріптестерімізбен бейресми әрі мазмұнды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылының табысты басталуына оң ықпал ету, ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және әрбір ұстаздың кәсіби әрі рухани тұрғыда қолдау табуына мүмкіндік жасау. Кездесу барысында ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызы атап өтілді. Жаңа әріптестеріміз мектеп өмірімен, дәстүрлерімен және ұжымдық құндылықтармен танысты. Сонымен қатар,