Оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «дропперство» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында педагогтер мен сынып жетекшілері «дропперство» ұғымының мәнін түсіндіріп, оның қоғамға қауіптілігі мен салдары жайында жан-жақты мағлұмат берді. Оқушыларға банк картасын бөтен адамдарға беру, біреудің шотына ақша аударып беру немесе заңсыз әрекеттерге қатысу — қылмыстық құқық бұзушылық екендігі нақты мысалдармен