Оқушыларға » Страница 12 » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Елім менің» патриоттық әндер байқауы өтті.
14
декабрь
2022
«Елім менің» патриоттық әндер байқауы өтті.
5-8 сынып оқушылары арасында «Елім менің» патриоттық әндер байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру. Байқау нәтижесі бойынша  Бас жүлде -  5 «Б» сынып оқушылары І орын – 5 «А», 5 «Ә» сынып оқушылары ІІ орын – 6 «Б», 6 «Ә» сынып оқушылары  ІІІ орын – 8 «А», 6 «А» сынып оқушылары иеленді. Құттықтаймыз! 
1 сынып оқушылары "Жас қыран" балалар ұйымына қабалданды
13
декабрь
2022
1 сынып оқушылары "Жас қыран" балалар ұйымына қабалданды
Тәуелсіздік мерекесінің 31 жылдығы қарсаңында 1 сынып оқушыларын республикалық «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері – әлеуметтік тәжірибиені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
5 сынып оқушылар "Жас Ұлан" қатарына қабалданды
12
декабрь
2022
5 сынып оқушылар "Жас Ұлан" қатарына қабалданды
Тәуелсіздік мерекесінің 31 жылдығы қарсаңында 5 сынып оқушыларын республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.
11 «А» сынып оқушысы Салтаев Қуаныш  Азия Чемпионатында жүлделі ІІ орын иеленді
07
декабрь
2022
11 «А» сынып оқушысы Салтаев Қуаныш Азия Чемпионатында жүлделі ІІ
11 «А» сынып оқушысы Салтаев Қуаныш Наха қаласында (Жапония) барлық жас мөлшері арасындағы Азия Чемпионатына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел
05
декабрь
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты:  Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу  профилактикалық жұмыстарын насихаттау;  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру;  саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой -
11 сынып оқушылары «Білім және мансап - 2022» халықаралық көрмесіне қатысып қайтты
04
декабрь
2022
11 сынып оқушылары «Білім және мансап - 2022» халықаралық көрмесіне
Бүгін біздің 11-сынып оқушылары Атакент орталығына ХХІ Қазақстан Халықаралық компаниясы ұйымдастырған «Білім және мансап - 2022» халықаралық көрмесіне қатысып, шет елдің университеттері жайлы ақпарат алды. Оқушылармен бірге мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері болды.
6 «А» сынып оқушысы Сапархан Балнұр
03
декабрь
2022
6 «А» сынып оқушысы Сапархан Балнұр
6 «А» сынып оқушысы Сапархан Балнұр  аэробты гимнастика бойынша  9-11 жас оқушылар арасындағы «Алматы кубогы 2022» ашық чемпионатына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
«Жер сілкінісі кезіндегі басқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің және Алматы қаласы тұрғындарының іс-әркеттері»
02
декабрь
2022
«Жер сілкінісі кезіндегі басқару органдарының, азаматтық қорғаныс
02.12.2022ж. «Жер сілкінісі кезіндегі басқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің және Алматы қаласы тұрғындарының іс-әркеттері» қалалық сейсможаттығу өткізілді. Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар департаментінен Аға өрт сөндіруші-құтқарушы  Серик Н.А. қатысты.  Сейсможаттығуға қатысушылар «Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам»  ережесімен, «Дабыл дорбасы» таныстырылып, зардап шеккендерге Алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары да көрсетілді. #төтеншежағдай  #жаттығу 
6 «А» сынып оқушысы Рахат Абылай әлем чемпионы атанды
02
декабрь
2022
6 «А» сынып оқушысы Рахат Абылай әлем чемпионы атанды
6 «А» сынып оқушысы Рахат Абылай «Samurai» спорттық академиясы ұйымдастырған бразилиялық джиу-джитсу және күрес грэпплинг өнері бойынша Абу-Даби қаласындағы әлем чемпионатында өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз болып, чемпион атанды.  Құттықтаймыз!
Республикалық Абайтану олимпиадасының жүлдегері 4 «Б» сынып оқушысы Нурғазина Айзере
01
декабрь
2022
Республикалық Абайтану олимпиадасының жүлдегері 4 «Б» сынып оқушысы
4 «Б» сынып оқушысы Нурғазина Айзере  Қазақстан Республикалық оқу-ағарту министрлігінің 514 бұйрығына сүйене отырып"Мұрагер" республикалық Абайтану олимпиадасына "Абайдың қара сөздері" номинация бойынша қатысып, жүлделі І орын,  "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы боынша жүлделі  ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсың, Айзере!