Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» | «Детская литература – основа духовного воспитания»
21
апрель
2026
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» | «Детская литература –
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында 10 «Ә» сынып оқушылары М. Жұмабаевтың «Ақбілек» романын ерекше форматта – комикс арқылы талқылады. Шығарманы осындай заманауи тәсілмен талдау оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, кейіпкерлер бейнесін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, шығарманың негізгі идеяларын шығармашылық тұрғыда
Танымдық саяхат: 7 «А» сыныбы «Samal Water» кешенінде | Познавательная экскурсия: учащиеся 7 «А» класса в комплексе «Samal Water»
20
апрель
2026
Танымдық саяхат: 7 «А» сыныбы «Samal Water» кешенінде |
Бүгін 7 «А» сыныбы үшін ерекше күн болды Оқушылар «Samal Water» кешеніне саяхат жасап, өндіріс барысымен танысып, судың тазартылу кезеңдерін өз көздерімен көрді. Бұл экскурсия олардың білімін кеңейтіп қана қоймай, табиғи ресурстарды бағалаудың маңызын түсінуге үлкен әсер етті. Саяхат барысында оқушылар белсенділік танытып, қызықты сұрақтар қойып, жаңа ақпараттар алды. Осындай танымдық сапарлар – білімді тәжірибемен ұштастырудың тамаша мүмкіндігі.  Мектеп тарапынан “Samal Water” ұжымына
Эстетика бірлестігінің апталығы
16
апрель
2026
Эстетика бірлестігінің апталығы
Эстетика бірлестігінің апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Алдағы күндері түрлі көрмелер, байқаулар мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салатын болады. Эстетикаға толы бұл апта барша қатысушыларға шабыт сыйлайды деп сенеміз.  ------------------------------------------------------------- Состоялось торжественное
Оқушы жетістігі | Успех ученика
13
апрель
2026
Оқушы жетістігі | Успех ученика
Отан қорғаушылар күніне орай “Жас бүркіт – 2026” атты әскери-патриоттық жастар жиыны өтті Аталған шараға қаланың сегіз ауданынан келген мектеп оқушылары мен әскери-патриоттық клуб мүшелері қатысты. Жалпы саны 15 команда өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің “Жас сарбаз” командасы І орынды  иеленді Жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.  Құттықтаймыз!
Халықаралық кездесу: тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер | Международная встреча: обмен опытом и новые возможности
16
март
2026
Халықаралық кездесу: тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер |
16 наурыз күні мектебімізде ерекше әрі маңызды кездесу өтті! Эстония Республикасының астанасы Таллин қаласының әкімін және білім беру саласындағы құрметті делегацияны жылы қабылдадық.  Кездесу барысында қонақтарымызға мектебіміздің білім беру жүйесі, оқушылардың жетістіктері мен өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу, заманауи білім беру үрдістері мен инновациялық тәсілдер жөнінде мазмұнды әңгіме өрбіді. Осындай халықаралық байланыстар – білім сапасын
Көрісу күні – татулық пен ізеттің белгісі | Көрісу күні – символ единства и уважения
13
март
2026
Көрісу күні – татулық пен ізеттің белгісі | Көрісу күні – символ
Көрісу күні – татулық пен ізеттің белгісі 14 наурыз – Амал мерекесі, Көрісу күні мектебімізде ерекше аталып өтті. Бұл күні ұстаздар мен оқушылар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, ұлттық дәстүріміздің мән-мағынасын насихаттады. Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері таныстырылып, оқушылар ұлттық киім киіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне амандық тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, сыйластық пен бірлікті арттыратын ерекше мереке. Осындай
ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ | ДОСТИЖЕНИЕ УЧЕНИКА
10
март
2026
ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ | ДОСТИЖЕНИЕ УЧЕНИКА
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында 6–8 наурыз аралығында өткен таеквондодан (WT) USA OPEN G2 CHAMPIONSHIPS 2026 халықаралық жарысында мектебіміздің оқушысы Талғатұлы Асыл жоғары нәтиже көрсетті. 5 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын лайықты деңгейде жеңе отырып, 🥈II орын иеленді. Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! --------------------------------- В городе Лас-Вегас, штат Невада, с 6 по 8 марта прошёл международный
«Ана – өмірдің шуағы» | «Мама — свет жизни»
06
март
2026
«Ана – өмірдің шуағы» | «Мама — свет жизни»
Мектебімізде «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік кеш үйірме жетекшілері мен оқушылардың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында аналарға арналған әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы өлеңдер оқылып, әсерлі көріністер қойылды. Оқушылар аналарға деген шексіз құрметі мен алғысын шығармашылық өнерлері арқылы жеткізді.  Бұл мерекелік кеш барша аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейірім мен алғысқа толы әдемі сәттерге ұласты.  -------------------------------------------------------------
Алғыс айту күні: мейірім мен алғысқа толы кеш | День благодарности: вечер, наполненный добротой и благодарностью
27
февраль
2026
Алғыс айту күні: мейірім мен алғысқа толы кеш | День благодарности:
Алғыс айту күніне орай мектебімізде 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты – айналамыздағы жандарға ризашылық білдіру, мейірімділік пен сыйластықты насихаттау болды. Концерт барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сахнада түрлі өнерлерін паш етті. Кеш барысында оқушылар жүрекке жылы тиетін әндер айтып, әсерлі өлеңдер оқып, әсем билер биледі. Әрбір қойылым көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер
«Үздік ашық сабақ» айлығы | «Лучший открытый урок»
02
февраль
2026
«Үздік ашық сабақ» айлығы | «Лучший открытый урок»
02 ақпан мен 11 наурыз аралығында мектебімізде «Үздік ашық сабақ» айлығы ұйымдастырылуда. Аталған іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибелерді насихаттау, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу және әріптестер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Айлық барысында мұғалімдер түрлі пәндер бойынша ашық сабақтар өткізіп, оқытудың тиімді әдістерін, цифрлық ресурстарды қолдану жолдарын, белсенді оқу стратегияларын таныстырады. Сабақтарда