Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алтын тұғыр» республикалық  олимпиада жүлдегерлері
03
январь
2024
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиада жүлдегерлері
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «Алтын тұғыр» республикалық  математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Акжигитова Қарлығаш Жанабаевна жүлделі ІІ орын, Нурсейтова Нуржанат Омирболатовна жүлделі ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
13
декабрь
2023
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған «Мен – Қазақстан азаматымын» атты 6-7 сынып оқушылары арасында  интеллектуалды  сайыс   өтті. Мақсаты: ✔ Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу. ✔ Алған білімдерін  толықтыру, олардың ақыл-жігерінің толысып дамуына әсер  ету, сөйлеу тілін дамыту ✔ Отанға деген сүйіспеншілік  рухында тәрбиелеу. Сайыс барысында оқушылар   Тәуелсіз Қазақстан туралы әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Оқушылар жүлделі
Мектеп ұстаздары аудандық спартакиада ІІ орын иеленді
04
декабрь
2023
Мектеп ұстаздары аудандық спартакиада ІІ орын иеленді
Тәуелсіздік күніне орай волейболдан ұйымдастырылған аудандық мұғалімдер арасындағы спартакиада 29 мектептің ішінде біздің мектебіміздің ұстаздары  жүлделі ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз! Шахматтан Акжигитова Қарлығаш  ІІ орын, Зкенов Шайхасан  ІІІ орын иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
01
декабрь
2023
"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
📍"1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне" орай сынып сағаттары өтті. Мақсаты: 📍 Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін және оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру.  📍ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру. #gcnto_2023 #Біртұтас_тәрбие
Алаш қайраткері-Міржақып Дулатұлы
28
ноябрь
2023
Алаш қайраткері-Міржақып Дулатұлы
✔26.11.2023 жылы “Азаттықты аңсаған Алаш арысы-Міржақып Дулатұлы” тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығынан тың деректер берілді.  Оқушылар өз ойларымен бөлісті. #gcnto_2023 #Біртұтас_тәрбие #Алматықаласы #біртұтастәрбиебағдарламасы #оқуағартуминистрлігі #oqu_agartu_ministrligi  #ganibeisembayev @edualmaty @oqu_agartu_ministrligi @almaly_roo
«Асық ату» челленджі
23
ноябрь
2023
«Асық ату» челленджі
9 ай – 9 іс-шара тұжырымдамасы негізінде 17 қараша күні барлық мектеп оқушылары «Асық ату» челленджіне қатысты.   Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнады.  Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. 
«Dostlik Cup 2023» Халықаралық турнирі
16
ноябрь
2023
«Dostlik Cup 2023» Халықаралық турнирі
Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «Dostlik Cup 2023» Халықаралық турнирінде «Қайрат» футбол клубының мүшесі 9 «А» сынып оқушысы Нурлан Ануар жүлделі ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз! @edualmaty @oqu_agartu_ministrligi @almaly_roo #Алматықаласы #біртұтастәрбиебағдарламасы #оқуағартуминистрлігі  #біртұтас_тәрбие  #oqu_agartu_ministrligi  #ganibeisembayev
Б.Майлин әңгімелері – қазақ өнерінің айнасы
15
ноябрь
2023
Б.Майлин әңгімелері – қазақ өнерінің айнасы
Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №33 балалар кітапханасында Қазақ әдебиетінің негізін салушы,көркем сөз шебері, жазушысы “Б.Майлин әңгімелері-қазақ өнерінің айнасы” атты әдеби оқу боып өтті.  Шараға 6"Б" сынып  оқушылары  қатысты. Тақырыпқа қатысты кітап көрмесі жасақталып, ”Түйебай” әңгімесінен үзінді оқылып, талқыланды. @edualmaty @oqu_agartu_ministrligi @almaly_roo #Алматықаласы #біртұтастәрбиебағдарламасы #оқуағартуминистрлігі  #біртұтас_тәрбие 
«Ұлы дала перзентімін» тақырыбында сынып сағаттары
07
ноябрь
2023
«Ұлы дала перзентімін» тақырыбында сынып сағаттары
 «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 5-9 сынып оқушыларына  «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
Республика күні
26
октябрь
2023
Республика күні
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен  25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ орай оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу және елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «ЕЛІМ МЕНІҢ ЕҢСЕЛІ» атты мерекелік іс-шара өтті.   Өткізген 10 "А" сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Жантелеева Сабира Кендірбекқызы.