Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі" салтанатты жиыны
13
декабрь
2024

"Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі" салтанатты жиыны

13 желтоқсан күні жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне ұлтына деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру, тәуелсіздікті қадірлеу, сақтау жолында жас ұрпақтың міндеті зор екенін түсіндіру мақсатында 10 «А»  сыныбы "Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі" атты мектепішілік іс-шара ұйымдастырды.
Оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның 34 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерін кезекпен баяндады. Жүректен шыққан жыр шумақтарын ағытып, патриоттық әндермен, тамаша билермен, «Желтоқсан желі ызғарлы» көрінісімен жалғастырды. Іс-шараны мектеп директоры  Т.Т.Төреқұлов құттықтау сөзімен ашты. Іс шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жасөспірім жеткіншектердің патриоттық рухы оянып, мектепшілік іс-шара жұртшылықты ерекше толғанысқа бөледі. 
Сонымен қатар, І жартыжылдықта марапат алған оқушылар мен ұстаздар марапатталды. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: