Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты
21
декабрь
2021
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты
9 «Б» сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты өтілді. «Жемқорлық - індет, жою - міндет» ұранымен бастау алған тәрбие сағатында жоғары буын оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың қоғамды қатты алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі екені түсіндірілді. Сабақ барысында оқушылар көріністер қойып, «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқылды.
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында стенд жасалынды.
20
декабрь
2021
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында стенд жасалынды.
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп қабырғасында "Сыбайлас жемқопрлыққа жол жоқ!" тақырыбында стенд жасалынды. 
ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
19
декабрь
2021
ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өткізілді. ⠀ Мақсаты: ✔Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету ⠀ ✔Оқушыларға Желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету. ⠀ Кездесу кешіне  қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының куәгері Сатыбалдиева Сауле  Касымхановна, ата-аналар төрайымы Түйешиева
1-СЫНЫПТАР "ЖАС ҚЫРАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
18
декабрь
2021
1-СЫНЫПТАР "ЖАС ҚЫРАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
1-СЫНЫПТАР "ЖАС ҚЫРАН" ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының  35 жылдығы қарсаңында 2021 жылдың 14 желтоқсан  күні №136 мектеп-гимназиясында  республикалық бірыңғай  «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. ⠀ Жиын барысында 1- сынып оқушылары  «Жас  Қыран» ұйымына қабылданды. Мұғалімдер ізгі тілектерін білдіріп, жас қырандықтарға сәттілік тіледі.
«Ұлы далада асқақтаған Қазақ елі» тақырыбында  тарих апталығының ашылу сәті
18
декабрь
2021
«Ұлы далада асқақтаған Қазақ елі» тақырыбында тарих апталығының
2021 жылдың  13-23 желтоқсан аралығында  «Ұлы далада асқақтаған Қазақ елі» тақырыбында  өтетін тарих бірлестігінің іс-шаралар жоспары жасалынып, ашылу салтанаты өтті. Тарих апталығында түрлі іс-шаралар жоспарланған. Алдағы уақытта парақшамыздан көре  аласыздар.
ОҚУШЫЛАР ӨТКЕН ҒАСЫРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
18
декабрь
2021
ОҚУШЫЛАР ӨТКЕН ҒАСЫРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
ОҚУШЫЛАР ӨТКЕН ҒАСЫРҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ ⠀ 2021 жылдың 9 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі  Оспанова Ұлжан Қойшыбайқызы  5 «Ә» сыныбында  «Өткен ғасырға саяхат»  яғни "Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы" тақырыбында ашық сабақ өтті. ⠀ Сабақтың мақсаты: ◼Көшпелілердің әлеуметтік, мәдени, тұрмыс тіршілігімен етене танысу ◼ Ежелгі көшпелілердегі салт-дәстүрдің маңыздылығын анықтау ⠀ Сабақ барысында  оқушылар «Мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілер»,  «Отырықшы егін шаруашылығымен айналысатын
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА
17
декабрь
2021
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ⠀ 2021 жылдың 11 желтоқсан күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел тірегі -салауатты ұстаз» тақырыбында спартакиада өтті. Сайысқа ұстаздар арасында 7 команда қатысты. ⠀ Мұғалімдер командалық және жекелей жарыста бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. ⠀ Нәтижесінде  «Достық» командасы І орын, «Самға сұлу сұңқарлар» командасы ІІ орын, «Адреналин»   командасы ІІІ  орынға ие болды.  «Үздік ойыншы» 
ҮШ ТІЛДЕ ӨТКЕН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
16
декабрь
2021
ҮШ ТІЛДЕ ӨТКЕН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ
ҮШ ТІЛДЕ ӨТКЕН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ Бүгінгі заман талабы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азамат болуымызды талап етеді. ⠀ Үштілділік- бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. ⠀ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 9- сынып оқушылары арасында  «Polyglot» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. ⠀ Мақсаты: 🖊Оқушылардың қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және дүниежүзі тарихы және Қазақстан
ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТОП ЖАРДЫ
15
декабрь
2021
ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТОП ЖАРДЫ
ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТОП ЖАРДЫ Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына орай рухани,  әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында  жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз ерен еңбек етуде. ⠀ Қалалық  байқауда «Үздік сынып сағаты», "Үздік ата- аналар жиналысын" өткізуде  педагогикалық үлес қосқаны үшін Нурсейтова Нуржанат Омирболатовна, Батырханова Құралай Сарқытбековна, Қожабергенова Жансая Әкімқожақызы марапатталды. Құттықтаймыз!
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
14
декабрь
2021
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛДЫ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мен – Қазақстан азаматымын» атты 6-7 сынып оқушылары арасында  интеллектуалды  сайыс  өтті. ⠀ Мақсаты: ✔Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу. ✔Алған білімдерін  толықтыру, олардың ақыл-жігерінің толысып дамуына әсер  ету, сөйлеу тілін дамыту ✔Отанға деген сүйіспеншілік  рухында тәрбиелеу. ⠀ «Отан-Оттан да ыстық», «Жылдар сөйлесін», «Бәйге», «Өнер алды – қызыл тіл» деп аталатын