24
май
2024
"Білімім - Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты

24.05.2024 күні мектебімізде 1-10 сынып оқушыларына "Білімім - Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Қорытынды тәрбие сағатының мақсаты — оқушыларға ұстаздарын құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға тәрбиелеу, жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін қорытындылау.
Әр сынып жетекшісі оқушылардың жыл бойы республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымдарын бейнероликтер арқылы көрсетті. Оқушылардың жақсы қасиеттері мен үлгі істеріне ерекше назар аударылып, Алғыс хаттармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/C7WUC7VtCQy/?igsh=aDh4aHJ0cnZyZ2s5