Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын белгі» үміткерлерінің Оқу-ағарту министрімен кездесуі
23
май
2024

«Алтын белгі» үміткерлерінің Оқу-ағарту министрімен кездесуі

«Алтын белгі» үміткерлерінің Оқу-ағарту

 министрімен кездесуі


        М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия КММ –нің «Алтын белгі» үміткерлері Сутемгенова Аружан Жанатовна, Қабдолда Камилла Болатқызы, Ізтай Назерке   Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевпен онлайн кездесу отырысына қатысты. Кездесуде оқушылар Оқу-ағарту министірмен еркін өз ойларын білдіріп, пікірлесті. 

 

М.Дулатов атындағы №136 мектеп- гимназияның 11- сынып оқушысы «Алтын белгі үміткер Ізтай Назерке. 

                      Сәлеметсіздер! Оқу-ағарту минстрі Ғ.Б.Бейсенбаевпен  кездесуім туралы пікір қалдыратын болсам: бұл жиналыс мен үшін өте пайдалы болды. Себебі, мен қатарлы достарымның жетістіктері мен Бейсембаев Ғанидің жігерлендіретін сөздерінен үлкен өмірлік сабақ алып қайттым. “Алтын белгіге” қатысты мағлұматтар біліп, оның пайдасының көп екенін байқадым. Қанаттандым. Жиналыс үшін көп рақмет!







М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназияның 11сынып оқушысы Сутемгенова Аружан Жанатқызы. 

17.05. күні Оқу-ағарту министрі Ғайни Бектайұлымен кездесу өтті.Бұл кездесуге қатысу мен үшін үлкен құрмет болды! Жиналыс барысында көптеген жаңа мағлұматтар біліп,оқуға деген құштарлығым одан әрі ашыла түсті. Алдыңғы жылғы алтын белгілерді көріп, олар өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісті.Мен үшін бұл кездесу өте пайдалы болды. Осындай кездесу ұйымдастырған Оқу –ағарту министрі Ғайни Бектайұлына мың алғыс!

М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназияның 11сынып оқушысы Қабдолда Камилла Болтқызы       

Оқу-ағарту минстрі  Ғани Бектайұлымен кездесу мен үшін үлкен құрмет болды! Өткен жылғы “Алтын Белгі”  түлектерінің кеңестерін, көптеген жаңа ақпарат өзіме түйіп алдым. Мен үшін бұл кездесу өте көп ықпалын тигізіп, оқуға деген күш жігер берді. Үміттеріңізді ақтауға тырысамын! Шабыттандым. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: