"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №33 кітапхана бөлімшесінде кездесу кеші өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №33 кітапхана бөлімшесінде кездесу кеші өтті
07
ноябрь
2022

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №33 кітапхана бөлімшесінде кездесу кеші өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес   БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алимкулова Аида мен музыка пәні мұғалімі Оралбекова Аиданың ұйымдастыруымен №33 кітапхана бөлімшесінде Алмалы әкімдігі жанындағы Ардагерлер кеңесі  белсенділері мен  6 «Ә» сынып оқушылары арасында бірлескен “Қарттарым аман-сау жүрші” тақырыбымен кездесу кеші өтті.


Ардагерлер өмірі мен еңбектері туралы айта келіп болашақ ұрпаққа тәлім тәрбиелік бағытта өз ойларын ортаға салды. 


Оқушылар өлеңдер оқып, терме айтып, күй ойнап жиында өнерлерін көрсетті. Қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін ана тілдің орны айрықша  ерекше екендігі айтылды.


Соңында естелік фотоға түсіп, кітаптар қонақтарға, оқушыларға да сыйланды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: