ШӘКІРТТЕРІМІЗ ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНЕ ҚҰЛАШ ҰРДЫ » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2021

ШӘКІРТТЕРІМІЗ ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНЕ ҚҰЛАШ ҰРДЫ

ШӘКІРТТЕРІМІЗ ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНЕ ҚҰЛАШ ҰРДЫ
Білім-ғылымның адамзат қауымдастығының болашағы үшін атқарар рөлін ештеңемен салыстыру мүмкін емес. Қазақстанның тұрақты дамуы үшін еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын, бүгінгі бастамаларды ертеңге апаратын заманауи біліммен қаруланған озық ойлы, білікті ұрпақ қажет.

2021 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы  ҚазҰПУ жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен өткен  7-9 сынып оқушыларының «Жас зерттеуші және тұрақты даму» тақырыбындағы зерттеу жобаларының қалалық конкурсына мектеп- гимназиямыздың жас ғалымдары 9 «Ә» сынып оқушысы Сейтжапбарова Айша, 9 «Б» сынып оқушылары Акимбек Адия, Жомарт Еркемай  қатысты. Жетекшісі Байділдаева Сәуле Нұрсұлтанқызы алғыс хатпен, оқушылар арнайы сыйлықтармен  марапатталды. Құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: