14
сентябрь
2021
«Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу» іс-шарасы
М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың қыркүйек айында жол қозғалысы жас инспекторлар жасақтарының (ЮИД) қатысуымен «Бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты балалар жол-көлік жарақаттанудың алдын алу, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау болып табылады. Іс-шараға 1 сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері қатысты.

