Материалы за Апрель 2021 года » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары
30
апрель
2021
Мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары
Мектеп айналасын көгалдандыру мақсатында 28 сәуір күні мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушылары мектеп ауласына раушан гүлдерін егіп көріктендірді. Оқушылар гүлдерді бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, гүл отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті. Мектептегі экологиялық бағыттағы жұмыстарға оқушыларды жұмылдыра отырып, табиғатқа жанашыр болу – адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сынып жетекшісі
Аудандық "Алматы жыл мұғалімі" конкурсы
29
апрель
2021
Аудандық "Алматы жыл мұғалімі" конкурсы
Сүйінші!!! 👏👏👏 28.04.2021ж. күні мектебіміздің  қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі- Нареге Гүлназ Қойшыбайқызы  аудандық "Алматы жыл мұғалімі" конкурсында жүлделі ІІ орынға ие болды. Гүлназ Қойшыбайқызын шын жүректен құттықтай отырып, қалалық кезеңде де сәттілік тілейміз!!!✊✊✊
"Біз болашаққа жауаптымыз" тақырыбында экологиялық білім беру апталығы
28
апрель
2021
"Біз болашаққа жауаптымыз" тақырыбында экологиялық білім беру апталығы
26 сәуір мектебімізде жалпыреспубликалық "Біз болашаққа жауаптымыз" тақырыбында экологиялық білім беру апталығы басталды. Мақсаты: адам мен табиғат арасындағы байланыс негізгі идеяларды, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын және экологиялық проблемаларды түсіну, жауапкершілік қалыптастыру. Осы орайда мектеп-гимназия оқушыларына "Жер-біздің ортақ үйіміз" атты бейнеролик көрсетілді. Шараны жүргізушілердің тарапынан мектеп оқушыларына апта бойына жасалатын жұмыстардың жоспары
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»
27
апрель
2021
«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»
Алматы қаласы Алмалы ауданы М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия 26.04.2021-05.05.2021ж  ЖАС МАМАН онкүндігінің ашық сабақтар жоспары Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» Мақсаты: жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау,  оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау https://www.facebook.com/100041772218562/videos/608126060589796/
«Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» сынып сағаты
26
апрель
2021
«Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» сынып сағаты
Чернобыль АЭС-дегі ядролық апатқа 35 жыл толуына орай 2021 жылдың 26 сәуірінде «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту»  тақырыбында танымдық сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында апаттың ең үлкен зардабы, апаттың болған себептері жайлы айтылды.
"Директорлық сенбі - ата-ана үні " онлайн кездесуі
24
апрель
2021
"Директорлық сенбі - ата-ана үні " онлайн кездесуі
24.04.2021ж күні  кезекті "Директорлық сенбі - ата-ана үні " онлайн кездесуі 9,11 сынып оқушыларының ата-аналарымен  болып өтті.  Күн тәртібінде: 1. 9,11 сыныптардың қорытынды аттестаттау бұйрығы, емтихан кестесімен таныстыру;       2. ҰБТ ережелерін таныстыру. Онлайн кездесу барысында қорытынды аттестаттау мен  ҰБТ - дағы өзгерістер туралы  ақпаттар айтылды. Ата - аналар қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға қатысты тақырыпта өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алғандарын
«Алматының жыл мұғалімі», «Басшы гранты» мектепішілік байқауы
23
апрель
2021
«Алматының жыл мұғалімі», «Басшы гранты» мектепішілік байқауы
«Алматының жыл мұғалімі», «Басшы гранты» мектепішілік байқауының марапатталу кеші өткізілді. 1. «Бас жүлде» - қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нареге Г.Қ. 2. І орын – география пәнінің мұғалімі Қожабергенова Ж.Ә. 3. ІІ орын – ағылшын пәні мұғалім Мейрамбекова Н.Е. 4. ІІІ орын – ағылшын тілі пәні мұғалім Бижанова Н.Е. Марапаттары беріліп, пән мұғалімдеріне сәттілік тілеп, аудандық байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нареге Г.Қ. ұсынылды. @almalyaudandykbilim  #байқау
«Қазақстан – достық мекені» мектепішілік суреттер байқауы
22
апрель
2021
«Қазақстан – достық мекені» мектепішілік суреттер байқауы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан – достық мекені» мектепішілік суреттер байқауының қатысушысы 2"ә" сынып оқушысы Бейсенбай Мейрамбек #байқау  #1мамыр
«Жамбыл Жабаев – 175 жаста» тақырыбында мектепішілік онлайн  өлеңдер байқауы
21
апрель
2021
«Жамбыл Жабаев – 175 жаста» тақырыбында мектепішілік онлайн өлеңдер
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Жамбыл Жабаев – 175 жаста» тақырыбында мектепішілік онлайн  өлеңдер байқауының қатысушысы 2 "Б" сынып оқушысы Нұрғазина Айзере.  Сынып жетекшісі  Каримкулова Гулбакыт Абдикеевна @almalyaudandykbilim
"Жазықтықтың теңдеуі" тақырыбында онлайн форматта  сабақ
20
апрель
2021
"Жазықтықтың теңдеуі" тақырыбында онлайн форматта сабақ
М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында  геометрия пәнінен  10"Ә" сыныбында  "Жазықтықтың теңдеуі" тақырыбында онлайн форматта  сабақ өткізілді. Пән  мұғалімі: Тайлакбаева Нурхан Заманбековна